Тарихта Манса Мұса деген адам болғанын біріміз біліп біріміз білмейміз. 1307 ші жылдары сол замандағы ең көп алтын экспорттайтын мықты мемлекет болған Мали елінің тағына отырған бұл адам- тарихтағы ең бай адам болып есептеледі.(Рокфеллер, ротшилдтер ойнамай қалады жанында) Бір ғана дерек, "Тарих əл Фатташ" жылнамасы бойынша 1324 жыл қажылыққа аттанған Манса Мұсаны 60 мыңнан астам адам оған қызмет етіп-ілесіп келген. Жəнеде Малидан өзімен бірге 13 тонна алтын алып шыққан ол, 1 ай бұрын өтіп қонады ау деген жерлерге сарай салдырып онымен қоса жұма күні өтетін жеріне мешіт салдырып онымен қоса кетерінде сарайды халыққа сыйлап кетіп отырған көрінеді. Сол заманның тарихшыларының айтуы бойынша Манса Мұса қасиетті жерге кіріп келген кезде сол жердің ең бай дегендері мұны көріп - таң қалған деседі. Тіпті ондаған жылға бір ғана қажылығымен өткен жерлердегі алтынның бағасын үш есеге дейін түсіріп кеткен. Себебі көрінген адамға алтын сыйлап отырған екен. Осы себепті Мұсаның бар алтыны Меккеден шығарда таусылып қалады. Сол кезде бұл сол замандағы ең бай деген арабтардан өте көп мөлшерде қарызға алтын алып, қазынаны босатып кеткен дегенде сөз бар. Əрине кейін екі есе қып қайырып берген.. Тағы бір деректер бойынша Мұса тарихтағы ең көп "құл азат еткен" яғни сатып алып бостандыққа жіберген адам болып есептеледі. Міне осындайда кісілер өткен екен кезінде.
Пы-сы: Бəрі фактімен жазылған, интернетте ақпар толып тұр.
Ертегі Адамы...
|
0 пікір
Блог туралы
Тікелей эфир
-
Ернар Елмуратов жаңа жазба қосты: "Узнаем у имама: запрещено ли в религии изображать ..."1 жыл бұрынБөгенбай ЗИЯЛЫ жаңа жазба қосты: "День бороды: история неотъемлемой части мужской мо..."1 жыл бұрынCаттар жаңа жазба қосты: "Әке гені жүктілік кезінде болашақ ананың метаболиз..."1 жыл бұрынNurqanat Baizaq жаңа жазба қосты: "Ерлан Мазан: Қытай азаматтығынан бас тартқан тұлға..."1 жыл бұрынЕрнар Елмуратов жаңа жазба қосты: "У меня украли деньги, отданные мне на хранение. Яв..."1 жыл бұрынCаттар жаңа жазба қосты: "Мәди Сырымбет: Тәліптермен кездесудің не мәні бар?..."1 жыл бұрын2024, Islam.kz ұлттық, рухани-ағарту порталы
Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.