Хасан Басри әңгімелеуде:
Хасан Басри әңгімелеуде:

«Әзірейіл (а.с.) жер бетіндегі әр үйді күніне үш реттен қадағалап отырады.Оның бұлай бақылау жүргізбейтін бірде-бір күні болмайды. Қай үйдегі адамның
дәм-тұзы таусылып, өмірінің соңы таяған болса, сол кісінің барып жанын алады.Жанын алған кезде, әлгі үйдің адамдары есі кетіп, байбаламдап жылайды.
Ажал періштесі сол кезде есікке жақын тұрып:
«Аллаһқа ант етейін, мен оның ғұмырын тауысып, я ризығын жеп кеткен жоқпын. Оған берілген өмірінен еш нәрсе кеміткен де емеспін. Бұл шаңыраққа әлі бірнеше қайтара соғатыным ақиқат. Тіпті араларыңнан ешбіріңді қалдырмағанға дейін әлі келем», – дейді.
Хасан Басри сөзін жалғап: «Әттең, ол жердегілер періштенің бұл айтқанын естімейді. Әйтпесе, өлікті қойып, әркім өзін ойлап жылар еді», – деген.

Аскар ТауекеловАскар Тауекелов
7 жыл бұрын 3961
0 пікір
Блог туралы