Жаратушы Алла бұл дүниені " Кун" ( Бол ! ) деген Әмірімен , затсыз, денесіз субстанциядан жаратып , оны жаратылыс бөліктерімен байланыстырып қойды, ол Алланың " ан - нафс ан- натика" ( сөйлейтін рух ) деген затынан жəне төрт элементтен ( топырақ, ауа, от жəне су) жаратылған.
Ең тиімді зікір - Лә илаха иллаллах.
Нақшбандия тариқатында
" Лә илаха илалла " калимасы адамның денесіндегі бес нүктесіне кұпия түрде айтылады.
Мұны " Латоифи хамса" ( Бес латифа) деп атайды.
Латифа - бұл Алланың құдайлық рахметі болып табылады.
Бірінші латифа - бұл Қалб ( Жүрек).
Оның орны көкіректегі сол жақ емшектің астында.
Пайғамбарымыз с.ғ.с айтты:
" Адамдардың жүрегі Алланың күшінің екі саусағының арасында орналасқан.
Ол қалай қаласа, оларды солай бұрады.
Екінші латифа - Рух ( Жан).
Оның орны - оң жақ емшектің астында.
Алла айтады :
Олар сенен Рух туралы сұрайды.
Айт: " Рух - Жаратушымның әмірінен,
Сендерге одан аз білім берілді.
Үшінші латифа - Сир ( Сыр ) .
Оның орны - сол жақ емшектің үстінде.
Алла айтады :
Және Ол - аспанда да жерде де Алла .
Сендердің жасырғандарың да белгілі,
Ашық жасап жүргендерің де ,
Өздеріңе ( іс әрекеттермен) зиян келтіргендерің.
Төртінші латифа Хафи ( Құпия) .
Оның орны - оң жақ емшектің үстінде .
Алла айтады :
Жаратушы иеңе бағынушылықпен және құпия жалбарын,
Алла шектен шыққандарды жақтырмайды.
Сондықтан да ол " Латоиф хафи" ( құпия латифа).
Қожа Абдулхалик Гиждуваниге Хафи зікіріне Хазреті Хызр ( а.с) үйреткен.
Бесінші латифа Ахфа ( Құпияның құпиясы). Оның орны көкіректегі сол жақ пен оң жақ емшектің ортасындағы дем алу жолында орналасқан.
Алла айтады :
Егерде сен даусыңды көтерсең,
( Одан пайда болмайды),-
Оған құпиялар белгілі ғой
Және одан да терең жасырылғандар аян.
Адамның көкірек клеткасында орналасқан
Аталған бес орын бұл органдар оның өміріндегі негізгі қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.
( Дененің бөліктеріне оймен бағытталатын Алланы мадақтау сөздері ( зікір ) деп аталады.
1. " Адам алейхи саламның Қалб тахта қадамы " ( көкіректегі сол жақ емшектің астындағы орын ) болып табылады - Жүрек Адам а.с пайғамбардың аяғының астында - ол Адам пайғамбар , Мұхаммед с.ғ.с Пайғамбардан рухани байлықтармен молынан жабдықталып тұрады.
Бұл жүрек сары түс шығарып тұрады , оған Алладан қайырымдылықтар төгіліп тұрады және оның " жанына " ( нәпсі) " уарид" келу ( жоғарыдан аян) болып табылады.
2. " Нух және Ибрахим алейхима ас - саламдардың ( көкіректегі оң жақ емшектің астындағы орын) Рух тахта қадамы деп аталады - Рух Нух пайғамбардың және Ибрахим пайғамбардың аяғының астында - олар Мұхаммед с.ғ.с Пайғамбардан рухани байлықтармен молынан жабдықталып тұрады.
Бұл рух қызыл түс шығарады және Алладан қайырымдылықтары түсетін орын болады , оның ауасы ( хауа) келетін
" уарид" ( Алладан жоғарыдан түсетін аян) болып табылады.
3. Мұса алейхи ас - саламның ( сол жақ емшектің үстіндегі орын) - Сирр тахта қадамы деп аталады - ол Мұхаммед с.ғ. с Пайғамбардан рухани байлықтарды молынан алып тұрады.
Бұл құпия ақ түс шығарып тұрады , ол Алланың қайырымдылықтары төгілетін орын және оның суы ( маун)
" уарид" ( Жоғарыдан Алладан аян ) келу болып табылады.
4. Иса алейхи ас - саламның ( оң жақ емшектің үстіндегі орын) Хафи тахта қадамы - деп аталады , Иса пайғамбардың аяғының астындағы " Құпия, жасырын " орын - ол Мұхаммед с.ғ.с Пайғамбардан рухани байлықтарды молынан алады.
Бұл " құпия " ( орын) қара түс шығарады, бұл Алланың қайырымдылығы төгілетін орын және оның оты ( нар) " уарид"
( Жоғарыдан Алладан аян) келуі болып табылады.
5. Мұхаммед с.ғ.с ( сопының көкірегінің ортасындағы орын ) орны Ахфа тахта қадамы деп аталады - бұл Мұхаммед с.ғ.с аяғының астындағы ең құпия жасырын орын.
Бұл орын жасыл түс шығарып тұрады, бұл Алланың қайырымдылықтары төгіліп тұратын орын және оның топырағы ( тураб) " уарид" ( Жоғарыдан Алладан аян) болып табылады.
6. " Латыфа нафс " ( Құдай сыйлаған денесіз жұқа субстанция " нафс " ( жанның) сопының шекесінде миының шамалы алдыңғы жағында орналасады және жүрекпен байланыста болады.
7. " Латыфа джасад" ( Сопының денесіндегі Алла сыйлаған жұқа субстанция ).
Дененің барлық бөліктері осы " латыфа джасадпен" байланысты болады.
" Латыфа джасадпен" айтылған зікір ( басқа - қалб, рух, сирр және ахфа орындарымен бірге) " Султан азкар " ( патша немесе зікірлердің сұлтаны ,- деп аталады.
Имам Раббани Ахмад Фарук ас - Сирхиндидың пікірінше - адам 10 бөліктен тұрады.
Оның 5 бөлігі " алем аль - амр"
( арғы дүниедегі Алланың әмірлерінің әлеміне ) жатады : " қалб" , " рух ", " сирр", " нафс" ( жан) және төрт элемент - ауа, су, от және топырақ.
Жаратушының " Алла " есімін немесе
" нафи " ( бас тарту) және " исбат " ( бекіту) зікірін жүрекпен ( оймен) айту - бұл Нақшбандия тариқатында қабылданған жүрекпен құпия айтатын зікір болып табылады.
Имам аль - Ғазалидың анықтамасына сәйкес Аллаға жасайтын барлық құлшылықтың басы құпия зікір болып табылады.
Исламның құжаты Аль Ғазали " Аль - Кимия ас - сагада " ( Бақыттың алхимиясы) кітабында мұсылманға құдайлық құпияларға жететін күш туралы жазып айтты : Бұл күш түс көрген кезде немесе өлгеннен соң ғана келеді деп ойлама. Керісінше құдайға қарсылықтар : ашу , екіжүзділік, құмарлық, жаман қасиеттерден тазаланып , жігерлі "риадийат" ( сопылықтың рухани - физикалық упражнениялары) жасап
ояу болған кезіңде бұл күш келеді.
Егерде адамдар жоқ оңаша жерде отырып, сопы өзінің бойындағы барлық сезімдерін өшіріп, " айн аль - батин" ( құпия көзін ) және " самг аль - батин " ( құпия мистикалық есту) көздерін ашып , сыртқы әлемнен мәлімет алуын тоқтатып, сосын жүрегін құдайлық құпия " Малакут" әлемімен сәйкестендіріп, Алла, Алла, Алла ,- деп, тілімен емес жүрегімен үзіліссіз айтып, Алладан басқа ешнәрсе көрмейтін хәлге жетсе ол өзінде осы күшті ( құдайлыққа жетісу) табады және түсінде көрген нәрсесін өңінде көреді.
Оған пайғамбарлар мен періштелердің рухы келеді, әдемі ұлы образдар көз алдына келеді. Аспан мен жердің барлық қазыналары оның алдында ашылады.
Ол түсіндіріп айта алмайтын нәрселерді көреді. Мұхаммед с.ғ.с айтқандай : Әлем менің алдымда барлық әсемдігімен көрініп, Жердің Батысы мен Шығысын бір мезгілде көрдім.
Алла айтты : Ол өзіне сенімділік алу үшін Біз Ибрахимге аспан мен жердің билігін көрсетеміз ( Құран 6:75) , себебі барлық пайғамбарлардың білімі - есту, көру, сезімдерімен емес, осы ( Алладан аян алу жолы) жолмен алынған .
Себебі Алла айтты : Жаратушының есімін еске алып , Оған жан тәніңмен ұмтыл ( Құран 73:8).
Алланың бұл айтқаны : жүректі Алладан басқа барлық нәрседен тазалап, жалбарынып барлық негізіңмен Аллаға ұмтылу деген мағына береді.
Осы нағыз мистикалық Жол - біздің заманымыздағы тариқат болып табылады.
Оқыту тәсіліне келсек бұл - жоғарғы дәрежедегі ғалымдардың тәсілі , пайғамбардың тәсіліне ( құдайлыққа жету) ұқсас түрі болады.
" Әулиелердің " ( ұлы сопылар) білімі де осындай болады, себебі бұл білім бір нәрсенің дәнекерлігінсіз олардың жүрегіне Алладан тікелей келеді.
Алла айтты : Біз Өзімізден қайырымдылық сыйлап оған Өзімізден білімді үйреттік ( Құран 18 ; 65) .
Және бұл тәсілді ( құдайлыққа жетудің мистикасы ) тек тәжірибе ( рухани хәлдер) арқылы ғана меңгеруге болады.
Егерде бұл тәжірибені меңгеру " зауктың " көмегі арқылы орындалса, онда жалаң білімнің арқасында ғана бұл тәсілді
меңгеру мүмкін емес.
Алла тағала жүректерді бүркеп тұрған күмәннан сейілтіп, өзінің құлдарына сыйлайтын бақыттың жарығы сөніп қалмау үшін бұл тәсілге сенім қажет болады.
Кім көрмесе, сол сенбейді.
Алла айтқандай : Олар білімі жетпеген ,
әлі түсінігі келмеген нәрсені жалған деп есептейді ( Құран 10: 39) .
Егер осындай адамдар мистикалық білімнің көмегімен тура жолға тұрмаса, олар :
Бұл - ескі өтірік ( ескі ертегі) ,- деп айтады.
Бірақ бұл тәсілдің ( сөздер және әріптер де) пайдасына жататын негіздер бар - бұлар берік дәлелдер болып табылады және обьективті түрде құпия зікір салушы адамдарға бұл тәсілдер жасырын емес.
Ариф аш - Шазали айтты : Жүректің жасаған кішкене әрекеті , дененің жасаған таудай әрекетіне тең болады,- деген.
Ұлы шайқы Мухитдин Ибн Араби " Аль - Футухат аль - Маккийа " кітабында айтты : Сенің Алла , Алла деген зікірің осындай болсын : тілің құдайдың Алла есімін айтуын қадағаласын , ал жүрегің шынайы түрде құдайдың Алла есімін айтсын , ал құлағың - осы зікірді ұмытпасын.
Сенің құпияңнан " натик" ( зікір айтатын) пайда болғанға дейін осылай жаса.
Егерде сен өзіңде " натик" ( өзі зікір айту) пайда болғанын сезсең , онда өзің түскен осы хәлде болуды жалғастыр , себебі бұл субстанциалды жағдай емес, бұл акциденциалды ( кездейсоқ) болатын жағдай , осы " хәль " - күш болып табылады. Егер сен осы назарлауды бұзсаң, сенің хәлің бірден жоқ болып кетеді.
Аль Джамаль. " Манхадж - муслим "
( мұсылманнның өмірдегі ережесі) кітабында намаз туралы айтты :
Исламнан ( ислам дінін қабылдағаннан кейін ) соң денені пайдаланып Аллаға жасайтын құлшылықтың ең күштісі намаз
болып табылады.
Сосын ол айтты : Денемен жасайтын құлшылық түрінен басқа , Құдайға жүрекпен жасайтын құлшылық түрлері
бар болады.
Жүрекпен құлшылық , мысалы
" иман " ( Жалғыз Аллаға сенім) , " мағрифа " ( сопылықтың Алланы тану білімі) , " тафаккур " ( Құдай туралы ойлау),
" таваккул " ( Барлық нәрседе Аллаға үміт ету), " сабр" ( сабырлық), " шукр " ( Аллаға рахмет айту) , " рида " ( Алланың шешіміне разы болу), " хауф" ( Құдайдан қорқу ,
Оның алдында құрмет ), " Аллаға және Оның Елшісі Мұхаммед с.ғ.с " махабба "
( махаббат ) - намаз құлшылығынан да артық болады.
Аллаға жүрекпен құлшылық етудің аталған түрлерінің ең күштісі " иман" ( Жалғыз Аллаға сенім) болады және бұл иман келтірушіге міндет болып табылады,
ол кейде жүректің қалауымен ерікті түрде болады, мысалы тариқат Жолын жаңарту кезінде .
Сопылық шайқылары таңдаған жүректің зікірі " иманның" көрінісі болып табылады - Аллаға сенім және " тадждида" ( тариқат - Жолының жаңаруы) жолдағы Алланың есім сипаттарының қасиетіне сенім.
Аллаға жүрекпен және денемен құлшылық етудің ең жақсы түрі. " иман" болып табылады.
Ғалым Ибн Хаджар аль - Хайтами " Аль - фатава аль - хадисийа" кітабында : біздің барлық ғалымдар - имамдар , зікір орындаушы адам өзін естімеген кезде ( жүрегінде не болып жатқанын байқамаған кезде) жүректің зікірінен немесе жария зікірден пайда жоқ екенін айтады . Нәтижесінде зікірдің өзінен пайда жоқ.
Бірақ зікір кезіндегі жүректің жұмысына қатысты мағыналарды ( құдайлық көріністер) мұқият қарап ойланған кезде, мұндай жүректің жұмысының лайықты ақысы , Алладан әдеттегі құлшылық түріне қарағанда 70 есе артық берілетініне күмән жоқ.
Біздің Нақшбандия тариқаты шайқыларының зікірі - осы аталған лайықты қасиеттердің барлығы қосылған зікір , тіпті одан да үлкен болып табылады.
" Бугьяту улә ан - нахи " кітабында :
" татауг" ( шынайы еркімен орындалған құлшылық) құлшылық - жүректің сөзімен қамтылмаған дененің сыртқы бағынушылығынан артық болады.
Жүректің сөзімен қамтылмағанның түсіндірмесі ,- дененің жұмысынан жүректің жұмысы артық екеніне нұсқайды.
" Мутакаррибун " ( жақындаушы сопылар) көмегімен Аллаға жақындайды және Алланың ең үлкен сыйы жүрекпен орындалған зікір үшін беріледі.