Үй жәндіктерін өлтіруге болады ма?
Үй жәндіктерін өлтіруге болады ма?

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Бес жәндіктің барлығы да зиянкес, олар харам аумағы мен одан тысқары орында да өлтіріле береді, олар: қарға, кезқұйрық, тышқан, шаян және құтырған ит[1]» (бір мәтінде: жылан), - деп айтқан. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұлар зиянкес жәндіктер болғандықтан, өлтіруге рұқсат еткен. Хадисте аталған жәндіктермен қатар зияны тиетін тарақан, құмырсқа, маса және басқа да зиянкестерді өлтіруге болады.

Алайда, үй ішіндегі зиянкес жәндіктерді азаптап немесе өртеп өлтіруге тыйым салынады. Мейлінше, жылдам әрі ешбір қинамайтын әдіс қолданған жөн. Мәселен, арнайы улаушы құралдар немесе дәрілер сияқты.

Себебі, Абдурахман бин Абдулла (р.а.): «Біз Пайғамбармен (с.ғ.с.) бірге өртеніп кеткен құмырсқа илеуінің жанынан өткенде, Алла елшісі (с.ғ.с.): «Адамзаттың Алла Тағала азаптайтын (жолмен) азаптағаны дұрыс емес», - деп айтқан[2]», - дейді. Сонымен бірге, хадисте: «Отпен тек оттың Раббысы (Иесі) ғана азаптайды[3]», - делінген.

Анығын Алла Білуші.

nurgasyr.kz

Аскар ТауекеловАскар Тауекелов
7 лет назад 6213
0 комментариев
О блоге