Тері арқылы көрініс табатын 8 ауру
Тері арқылы көрініс табатын 8 ауру

Денсаулығымыздағы ақаулар біздің сырт-келбетіміз арқылы көрініс тауып отырады. Әсіресе, тері арқылы. Сол себепті, оларды елеп, бірден емдетіп отырған жөн.

3490965-11007410-1-0-1505218283-1505218290-650-1-1505218290-650-6dc106bd4d-1505368478

Бұл туралы AdMe.ru  басылымында жазылды.

1. Терідегі қара дақтар

Теріміздегі қара дақтар бүйрек асты жетіспеушілігі немесе Аддисон ауруы салдарынан болады. Бұл ауру түріне шалдыққан адамдардың бұлшық етінің қызметі бұзылып, қан қысымы төмендеп, қанындағы қант мөлшері азаяды. Мұның барлығы да өмірге қауіпті. Сол себепті, бірінші белгілері пайда болысымен дәрігерге қаралған жөн.

3490915-11005710-2-0-1505217815-1505217948-650-1-1505217948-650-05e8b14626-1505368478

2. Реңсіз аймақтар

Терінің ағаруын ғылымда витилиго деп атайды. Тері меланоцитам жасушалары өлген кезде пайда болады. Тері пигмент өндіріп шықпайтындықтан, ағара бастайды. Мұнымен қатар, аталған ауру түрі бүйрек астының жетіспеуі салдарынан пайда болады.

3жэжэ

3. Терінің бөртуі

Кез келген тері бөлігінің бөртуі ағзада бірнәрсенің дұрыс жүзеге аспай жатқанын білдіреді. Бұл тұрмыстық химияға, тағамға, инфекциялық ауруларға аллергия болуы да мүмкін. Аллергия Лайелл немесе Стивенс-Джонсон синдромына алып келуі мүмкін.

4хэжъъэ

4. Ісіну

Теріңіздің күн сайын ісінгенін байқасаңыз, эндокринолог маманға қаралыңыз. Ісіну гипотиреоз салдарынан болуы мүмкін. Бұл қалқанша безі бөліп шығаратын гормондардың жетіспеушілігінен болатын ауру. Науқастардың терісі құрғап, бет-аузы қатты ісінеді. Мұнымен қатар, олардың шашы түсіп, тырнақтары сынып, артық салмақ жинай бастайды. Белгілері таныс болса, дәрігерге қаралыңыздар.

5зжзх

5. Жаңа қалдардың көбеюі

Адамның терісінде қал түрлі себеппен пайда болады. Көп жағдайда тұқым қуалау арқылы беріліп отырады. Ата-анаңызда үлкен қал болса, ол сізде де болуы мүмкін. Бұдан өзге ультра күлгін сәулелердің шектен тыс көп болуының салдарынан болуы мүмкін. Көп жағдайда қал адамға еш кедергі келтірмейді.

6шлог

6. Безеудің көбеюі

Ағзадағы гормондардың дұрыс бөлінбеуінен, тесіктерді бітейтін тері майының шектен тыс көп бөлінуінен, асқазан-ішек жолының дұрыс жұмыс істемеуі салдарынан пайда болады. Безеу – тек осы аурулардың салдары ғана. Одан арылу үшін, алдымен, себебін тауып алған жөн.

7ао

7. Терінің түлеуі

Тері авитаминоз, аллергия, себор, псориаз кезінде түлеуі мүмкін. Аурудың ауыр түрлері кезінде өзге де белгілері болуы мүмкін.

8. Тершеңдік

Қалыпты температурада отырған адам қатты терлемеуі тиіс. Тердің шектен тыс көп бөлінуі диффуздық токсикалық жемсаумен тікелей байланысты болуы мүмкін. Бұл ауруға шалдыққан кезде қалқанша без тиреоидтық гормондарды шектен тыс бөліп шығады. Осының салдарынан адам қатты терлеп, қасынады.

stan.kz

Аскар ТауекеловАскар Тауекелов
7 лет назад 7399
0 комментариев
О блоге