Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде:
Пендені құтқаратын үш нәрсе, қирататын үш нәрсе, дәрежесін көтеретін үш нәрсе, күнәларын жуатын үш нәрсе бар.
Құтқаратын үш нәрсе:
- Оңашада да, жарияда да Алладан қорқу
- Кедейлікте де, байлықта да жақсы ниетте болу
- Разылықта да, ашуда да әділ болу.
Қирататын нәрсе:
- Қатты сараңдық
- Созылмалы әуейілік
- Өзіне-өзі таң қалу.
Дәрежені көтеретін үш нәрсе:
- Сәлемдесу
- Адамдарды тамаққа шақыру
- Жұрт ұйықтап жатқанда намаз оқу
Күнәні жуатын үш нәрсе:
- Суық түндерде дәрет алу
- Жамағат намаздарына бару
- Намаздан соң келесі намазды күту» - деген (Әбу Һурайра (р.а.) риуаят еткен).