КЕБІН ҰРЛАУШЫНЫҢ ХИКАЯСЫ
КЕБІН ҰРЛАУШЫНЫҢ ХИКАЯСЫ

Хазіреті Омар ибн əл-Хаттаб (р.а.) Пайғамбарымызға (с.а.у) жылап келеді.
Расулуллаһ (с.а.у) одан:
- Уа, Омар, мұнша жылағанын не?-деп сұрайды.
- Иə, Расулуллаһ (с.а.у), есіктің алдында жас бір жігіт отыр. Жылағаны жүрегімді ауыртты,- деді.
Алланың Елшісі (с.а.у) ол жігітті Өзіне əкелуін бұйырады. Омар (р.а) оны Пайғамбарымыздың (с.а.у) құзырына əкеледі. Пайғамбарымыз (с.а.у) жігіттен жылауының себебін сұрағанда:
- Иə, Расулуллаһ (с.а.у), мені күнəларымның көптігі жылатады. Жаппар Алла маған азап береді деп қорқамын,-дейді. Алланың Елшісі (с.а.у) оған бірнеше сұрақ қояды:
- Аллаһқа серік қостың ба?
- Жоқ.
- Ендеше, қорықпа! Жеті қабат аспан, жеті қабат жер толатын күнəң болса да, Аллаһ бүкіл күнəларыңды кешіреді!- дегенде Пайғамбарымызға (с.а.у) жас жігіт:
- Иə, Расулуллаһ, күнəм жеті қабат аспан, жерден жəне таулардан да көп.
- Күнəң үлкен бе, күрсі үлкен бе? 
- Күнəм одан да көптеу.
- Күнəң үлкен бе, арш үлкен бе?
- Күнəм одан да көптеу.
- Күнəң үлкен бе, Алла үлкен бе? Анығы, Алланың рахметі, мағрифаты үлкен бе, күнə үлкен бе?
- Əрине, Алла өте үлкен, аса Ұлы!
- Ендеше, күнəңді маған айт.
- Иə, Расулуллаһ, сенен ұяламын.
- Менен ұялудың қажеті жоқ. Күнəңді маған айт!
Байғұс жігіт басы салбырап, көзінің жасын тоқтата алмай: 
- Иə, Алланың Елшісі (с.а.у), мен көптен бері жаңа көмілген мəйіттердің қабірін ашамын. Солардың кебінін шешіп, сатумен айналысамын. Жақында Ансардың бір қызы қайтыс болған еді. Оның да қабірін ашып, кебінінен шығардым. Шайтанның мені азғырғаны сонша, өлген мəйітпен жыныстық қатынас жасадым. Бір кезде қыз көзін ашып, маған тіл қатып:
- "Алладан ұялмайсың ба? Ертең Маһшар майданында Алланың құзырында тұрамыз. Сол кезде Ұлы Алла зұлымдыққа ұшырағанның хақын залымнан алады. Сен мені өліктердің арасында тырдай жалаңаш қойдың, мені Алланың құзырына жүніп күйде тұрғыздың"- дей бергенде Пайғамбарымыз (с.а.у) орнынан ұшып түрегеліп:
- Тез менің қасымнан кет! - дейді.
Жас жігіт жылаған күйде үйден шығып, тəубе етіп, шөл далаға жол тартады.Жеті күн бойы еш нəр татпай, ұйықтамаған күйде күші таусылып, жерге құлайды. Басын жерден көтерместен сəжде етіп, Аллаға былай деп жалбарынады:
- Илəһи, мен Сенің күнəһар құлыңмын. Сенің құзырыңа барғанда маған шапағатшы болу үшін Пайғамбарымыздың ( с.а.у) есігіне барғанда, күнəмнің көптігін естіген соң қуып жіберді. Бүгін саған келдім, мен үшін Хабибің жанымда шапағатшы болсын. Сен құлдарың үшін Раһман есімінің иесісің, сенен басқада үмітім қалмады. Мені бұл жағдайдан құтқармасаң, маған құзырыңнан бір от жібер. Осы дүниеде күйдірсін. Оттың мені ақыретте күйдіргенін қаламаймын,-дейді жігіт.
Сонда Алланың бұйрығымен Жəбірейіл (а.с.) Алланың Елшісіне (с.а.у) келіп:
- Иə, Расулуллаһ (с.а.у), Алланың саған сəлемі бар, - дейді. Расулуллах (с.а.у) ол сəлемге:
- "Сəлем ол, сəлем онда, сəлем оған оралады"-деп жауап береді. 
Жəбірейіл (а.с) сөзін жалғастыра:
- Ұлы Алла саған былай бұйырды: "Саған құлдарымнан бір құлды жібердім. Саған күнəсін айтып беріп еді, сен бір күнəсінің себебінен оған ашуланып, түріне қарамадың. Бір құлдың жағдайы осылай болғанда, ертең қасыңа таудай көп күнəларымен шапағат тілеуге келген күнахарлардың жағдайы қалай болады? Сен менің Елшімсің. Сені əлемге рахмет етіп жібердім. Мүміндерге мархеметті бол, күнахарларға шапағатшы бол, құлымның күнəсін кешір. Мен оны шынымен тəубеге келген соң кешірдім!"-дейді.
Сонда Алланың Елшісі (с.а.у) асхабтарынан бір кісілерді сол жігітті іздеуге жібереді.
Асхабтары оны іздеп тауып, кешірілгені туралы сүйінші сұрап, Пайғамбарымызға (с.а.у) алып келеді. Олар келген кезде Пайғамбарымыз (с.а.у) ақшам намазын оқып жатыр еді. Олар да намазға ұйып тұра қалады. Пайғамбарымыз (с.а.у) намазда Фатиха сүресінен кейін Такассур сүресін оқи бастады.
Қабірлерді зиярат ету туралы айтылған аяттың тұсына келгенде жас жігіт шыңғырып, жерге құлаған күйде жан тапсырды. 
Алла оны мейіріміне бөлесін!

Аскар ТауекеловАскар Тауекелов
7 лет назад 3552
2 комментария
О блоге