Банктің жалақы картамды бұғаттап тастағаны дұрыс па?
Банктің жалақы картамды бұғаттап тастағаны дұрыс па?

Кредит бойынша банкке қарызым болған еді. Жұмыссыз қалып, біраз уақыт төлей алмадым. Жақында жұмысқа шыққанмын, банк жалақы картамды бұғаттап тастапты. Жалақы ала-алмай отырмын. Банктікі дұрыс па?

Айбек, әлеуметтік желі арқылы жолданды

Жауап: 

Банктің жалақы картаңызды 100% бұғаттап тастауы дұрыс емес. Жалпы  тұтынушы уақытылы төлемеген жағдайда жалақыдан ұстау туралы келісімшартта көрсетіледі. Ол жағдайда банк жұмыскердің жалақы беріп отырған банкіне (платежное требование) жолдайды, онда жұмыскердің 50 па­йыз жалақысынан аспайтын мөлшерде ұсталынады.

Сондай-ақ,  соттың шешімін сот орындаушысы арқылы мәжбүрлі түрде орындау барысында да жалақының 50 пайызға дейін ұсталынады. Еңбек кодексінде көрсетілгендей, жалақыдан 50 пайыздан артық ұстауға болмайды. Өйткені адамның өмір сүруі үшін басқа да қажеттіліктері болатыны белгілі. Несиесі үшін азаматтардың айлығын түгел ұстап қалу заңға қайшы әрекет болып табылады. ҚР Ұлттық банкіне немесе сотқа шағымдану арқылы жалақы картаңыздан бұғатты шешуге болады.

 7kun.kz

Аскар ТауекеловАскар Тауекелов
7 лет назад 2865
0 комментариев
О блоге