Құранды аударуға құрметпен қарайық!
Құранды аударуға құрметпен қарайық!

Бисмиллай Рахмани Рахим.

Еліміздің егемендік алуымен, дәстүрлі дініміз Исламмен қайта жарасым тауып жатырмыз. Соның жарқын бір көрінісі Құран Кәрімнің арабша транскрипциясы және қазақша мағанасы әр жылдары бірнеше авторлардың жинақтауымен аударылып кітап болып баспадан басылып та шықты. Бұған шүкіршілік айтып,  тәуба деуіміз керек.

Дегенмен, діннің өте қасиетті жол екендігін білген жан, сол жолға бастаушы Құран кітаптарының да қасиеттілігіне жауапкершілікпен қарап, оның сауатты аударылуына ерекше мән бергендері жөн.  Сауатсыз аударма дінді түсіндіруде жамағатты діни жолдан адастырып та жіберуі мүмкін. Бұның ахиреттегі сұрауы бәрімізді ойландыруы керек.

Ілімші ретінде, осы орайда өз баспамыздан қазақ тілінде шыққан екі құран кітабынан, құранның жүрегі саналатын «Йа Сиин» сүресінен мына үзінділерді (13-тен-30 сүреге дейін) келтіре отырып, Республика мұсылмадары діни басқармасы жанындағы ғұламалар алқасына ой салғым келіп отыр.

І.  «Оларға  (кәпірлерге) қала (Әнтақия) халқын мысалға келтір. Кезінде оларға да пайғамбарлар келген болатын. (13) Сол тұста Біз оларға екі пайғамбар жібердік. Олар екуінде жоққа шығарды. Сонан соң үшінші пайғамбар жіберіп, жәрдем  бердік. «Біз шынында да сендерге «Алла! Жіберген елшіміз» - деді пайғамбарлар. (14). «Тәңіріміз өзі біледі, - деді пайғамбарлар. (16) Біздің міндетіміз (айқын дәлелдерді) түсінікті етіп, сендерге жеткізу (17). «Пәлелерің өз бастарыңа тисін. Біз сендерге ақыл кеңес берсек, (ол теріс үлгі бола ма екен?) Тіпті де олай емес. Сендер (Тәңірге күмән келтіріп) шектен шыққан жұртсыңдар» - деді пайғамбарлар (19). Қаланың шет жағынана бір кісі (Хабиб Нәжар) жүгіріп келді. «Ей, жамиғат!» - деді ол. Пайғамбарға ілесіңдер. (20). Тура жолда жүргендердің соңына еріңдер, олар сендерден ақы сұрамайды (21). Өзімді жароатқан, ақыры алдына қайтып баратын Аллаға мен қалай ғибдаттпеуім керек? (22). Егер мен құда  йдн өзге бірдеңені құдіре тұтса, егер мейірімді Алла маған әлдеқала бір зиян келтірмек болса, (құдірет анағаны) менің бсыма төнер тақыметті алып кете адмайды және мені құтқра да алмайды (23). Демек олай етсем (Тәңірге шек келтірсем), мен, сөз жоқ, нағыз жолдан таюш боламын (24). Шынын айтсам, мен Жаратқанға иман келтірдім, құлақ салыңдар (куә болыңдар) (25). Біз оған өлер алдында «Жаннатқа кір» -дедік. «Әттең, Тәңірімнің мені жарылқағанын және құрметтілер қатарына қосқанын менің қауымым білер ме еді?( деді ол сонда. (26-27). Одан кейін ол қаымға көктен әскер (періштелер) түсіргеніміз жоқ (28). Бақырған жалғыз ғавна дауысжетті, сонымен-ақ олар сеспей қатты (29)Пенделер қандай өкінішті деші! Егер бір пайғамбар келе қалса, олар үнемі масмқаралайды да отырады (30).        ҚҰРАН КӘРІМ, 386-387 беттер, Аударғандар Р. Нысанбай ұлы, У. Қыдырханұлы.  «Жазушы» бспасы, 1991 ж.

ІІ.Мұхаммед (с.ғ.с.) оларға елшілер келген қаланың (Әнтяқия) халқын кезінде мысалға келтір деген болатынбыз.(13). Оларға екі елші жібердік. Олар екеуін  де жалғанға шығарды. Үшінші рет елші жіберіп жәрдем бердік. Сонда елшілер; «Біз шынында сендерге жіберілген елшіміз» - деді Иса (ғ.с.) кезінде (14).Олар «Сендер біз сияқты ғана адамсыңдар. Сендерге Алла Тағала еш нәрсе жіберге жоқ. Сендер мүлде өтірік айтасыңдар»- деді(15). Елшілер; «Раббымыз біледі. Расында біз сендерге жіберілген елшіміз» (16). Біздің міндетіміз ашық дәлелдерді сендерге жеткізу ғана»-деді (17). Олар; «Сендер арқлы сәтсіздікке ұшырадық. Егер айтқандарыңды тоқтатпасаңдар сендерді таспен атқылаймыз. Сөзсіз сендер бізден жан түршігерлік қинау көресіңдер» - деді (18). Елшілер; «Сәтсіздіктеррің өздеріңе болсын. Жіберілгн үгітті ырым етесіңдер ме? Олай емес. Сендер шектен шыққан елсіңдер.» деді (19).    Қаланың шетінен бір кісі жүгіріп келіп; «Ей, қауым! Елшіге  ілесіңдер» - деді.(20). Сендер ақы сұра айтын кісілерге еріңдер. Олар тура жолда (21). Өзімді жаратқанға неге құлшылық жасамаймын? Және сендер де соған қайтарыласыңдар» (22). Одан өзге тәңірлент етіп алайын ба? Мүбада Алла Тағала маған зиян келтіргісі келсе, олардың қолдаулары маған ешібір пайда бермейді де, олар мені құтқара алмайды(23). «Сөз жоқ онда мен адасуда боламын»(24). «Күдіксіз Раббфыларыңа иман келтірдім. Енді маған құлақ салыңдар»- дегендігі үшін ел ол кісіні таспен атқылап өлтірді (25). Оған; «Жаннатқа кір делінді, ол ; «Әттең! Елім білген болса еді» (26). Раббымның мені жарлқап, ардақтылардан етіп жаннатқа кіргізгенін»-деді. (27). Одан кейін оның еліне көктен әскер түсірмедік., әрі түсіруші де емес піз. (28). Оларға бір ащы дауыс жетті. Сонда олар сеспей қатып, жоқ болды (29). Өздеріне келген елшіні ұдайы мазақтаған құлдарға нендей өкініш. (30)   ҚҰРАН КӘРІМ, 246-249 бет,Жинақтап шығарушы С. Бекенқызы. «Дәуір» баспасы, 2009 жыл).

 

    Мен ілімшімін.  Маған соңғы екі жылда осы «Йә Сиин» сүресінің төрт деңгейде төрт қайтара тәпсірі Ғайыптан түсірілді. Енді соның соңғы төртінші түсірілімін бірге оқып көрелікші.

 

«... – Мұхаммед (с.ғ.с.), оларға елшілер келген кент халқын мысал етіп көрсет - деді. Елшілер келген кент халқын мысалға көрсет - деді. Ол қай халық, Әнтяқия кенті. Исаның елшілері. Бұл - аманат жол.  Ондай болса Исаның елшілері барған жерді мысалға келтір - деп тұр аятта.

14-ші аятта не деп тұр, «Оларға  екі елші жібердік, осы жерге өте үлкен мән беріп тыңда, сонда олар екеуін жасынға шығарды, Үшінші елшімен қуанттық, Сонда елшілер «рас, сендерге елшілерміз» - деп, жауап берді оларға.

Енді осыған тәпсір. Сен мұны қалай түсінесің? Екі елші не деп келді. Елшілер нені айтып келеді. Ал енді осы  мәселесінде пайғамбарға Алла тағалам, сол болған Әнтяқия кентіндегі жағдайды түсіндір мұсылмандарға - дейді. Иса ғалейһи уа саллам Әнтяқия ауылына екі хабаристі елші етіп жіберген еді алдында. Олар ауылға жақындай келгенде олардың алдынан кім күтіп алды. Хабиб Нәжар есімді мал бағып жүрген адам күтіп алады. Онда ол мынандай әңгіме сұрайды.

– Сендер кімсіңдер? - Енді сен құл, осы жерде қара, неге Алла тағалам «Йә Сиин» сүресінде;

– Ей, Мұхаммед (с.ғ.с.), сен оларға осы мысалды келтір - деп неге айтып жатыр. Олар кездескенде айтқан сөздерін неге түсіндір - деп жатыр. Өйткені, шынымен-ақ екі пайғамбардың алдынан кездескен адам кім? Сен осыған мән бер. Ол кісінің атын да Алла тағалам әдейі құранда айтады.

–Біз сол кезде Исаның елшілеріміз - деп олар жауап береді.

– Не үшін келдіңдер?

- Сен пұтқа табынып жүрсің, ұлы Аллаһқа құлшылық жаса, соны саған айтуға келдік - дейді ол адамға.

– Өздеріңе дәлелдерің бар ма? - деп сұрайды.

– Ия, бар. Ауру болса, алапес ауырулары мен көр соқырларды емдейміз - деді. Бұл кімнің жауаптары, жіберілген екі елшінің жауабы. «Елшілер келген жоқ, елшілер барған жоқ, біз елшілерді естіген жоқпыз, ондай әңгіме болған жоқ, оларды ешкім қабыл алған жоқ, ондай қала болған жоқ» - деп айтпас үшін

     – Сонда Алланың емес, Исаның елшілері болып тұр ғой,

- Исаның елшілері, Иса хауейрилерден таңдаған өзінің елшілерінен бірінші екеуін жібереді де, артынан соңғы үшіншісін қосады. Сондағы екеуінің келгенін Алла тағалам пайғамбарға жеткіз - деп жатыр ғой осы аятта.

Сенің өзіңнің қабыл алуыңда қалай, ондай болса шынымен -ақ Жаратқан ием сондай қауымға елшілерді жібергені рас. Елшілерді жібергені рас, елшіні сондай өзің сияқты адамды, өзің сияқты адам қабыл алып тұр емес пе. Бірақ оның айырмашылығы сұрақ қойылуда. Ал олар пұтқа табынған қала еді.

- Менің көптен бері ауырып жүрген балам бар, ондай болса соны емдеңдер. - Әрине, жаңағы екі емші оны алып барған соң, хабибтің баласын емдеп, сондай жарасымды жағдай қылды.

   – Хабиб Нәжир туралы құранда аты аталғанымен дәл мынадай етіп түсіндірілмеген.

– Неге Алла тағала бұл тәпсірде саған осы «Йә Сиинді» түсіндіруде. Әр дүниенің құндылығы неде, жүрегі не деп соғады құранның бұл жерде. Сенің жүрегің қалай соғуы керек. Неге Алла тағалам сүреде соңғы пайғамбар бар екендігіне өзі куәлік етіп жатыр. Соны түсіндіруде.

– Осының ішінен тағы бір әңгіме шығып отыр, дәптер ашу.

– Нақтыла қой сұрағыңды,

    - «Дәптер ашу, дәптерге жазылады, өлінің де, тірінің де дәптерлері ашық тұр»- деген әңгімелер айтылуда. Бұл ақиретке дейін дәптердің ашық тұратынды туралы әңгіме...

- Жаңағы саған қойған алдындағы, алдында ғана саған айтқан 14-ші аятта, және он екінші аятта айтылып кетті, жазылып жатыр.

      – Дәптер деген не, дәптерді ашу, сосын ол дәптердің ерекшелігі, ол дәптер де  Алладан ғана болып тұр ғой.

– Алла тағала жаңағы кәпірлердің бәрі бір де оны мойындамайтындығын біледі, сол себепті пайғамбарға; «Айт, айтпа бәрі бір, сен оған бола құса болма» - деп ескерткенмен де, «алып тақуларға бер, ол қуанышты хабар, оларға бұл қуаныш сый» - деп айтқанның өзі сол сый дәптер. Себебі «оның қуанышы еш қайда кетпейді, істеген амалдарының бәрі жазылады жақсылық болып» - деген сөз. Ал кәпірлердің онсыз да дозаққа кететіндігін айтып тұрған соң, ол қуанышты дүние. Бұл хабар одан әрман қуантады діндарды. Тақуаның одан арман жүрегін сыздатып, Алла тағалаға деген сүйіспеншілігін, қорқынышын күшейтеді. Себебі сенің істеп жатқан амалдарыңда мүмкін Алланы ренжітіп жатқан дүние бар шығар, содан сен кешірім сұрап үлгермей жатқан шығарсың. Себебі, ол дәптерге жазылып тұр ғой, енді соны түзетуге сенің әлі де қуатың бар - деген сөз.

     – Қабыл алдым.

– Жаңағы екі пайғамбар елшілері қолдарын баланың басына қойған соң, баланың көзі көріп жүріп кетеді. Осыдан кейін хабиб Нәжир оларға иман келтірді. Себебі, оған елшілер өздерін  дәлелдеді. Бұл хабар ауыл ішіне де тарқайды. Алла тағаланың рұқсатымен елшілер көптеген науқастарды емдейді.

Енді сол елдің патшасы тыс қалды ғой, ел патшасы естіп қана жүргенімен елшілерді көрмеген. Кейін бір шөл далада елшілердің кең далада Алла тағалаға тәспих тартып, зікір айтып жатқанын көріп, қатты ашуланып соққыға жықтырады да, оларды зынданға тастады. Сөйтеді де екі елшіні не істейді, зынданға қамап тастайды. Сол кезде соны көрген  қараңғы халық не деп айтады.

- Мынау сендердің айтқан өтіріктерің үшін жазаларың - деді. Бұл жерде күллі халық пайғамбар елшсіне қарсы шығып тұрған кезде, жаңағы хабиб қана оларды иманын үйіріп қабыл алды емес пе. Патшаның қатыгездігі, сол кезде патшаның өзі де пұтқа табынатын. Ол адамдардың сөзіне, елшілердің елші екендігіне құлақ асып тыңдаған да жоқ. Ол ашуланды, себебі, пұтқа табынбай, Алла тағалаға тәкпір айтып, зікір салып жүргендер оған жақпады. Кейін Иса ол ауылға Шәмүнді жіберді. Шәмүн де сол хабибтердің бірі. Ол да үшінші  елші. Үшінші елшіні, құл тыңда, Үшінші елшіні Иса жіберген кезде оның міндеті жаңағы зынданда жатқан екі елшіні алып шығу еді. Ол барған кезде не деп сылтаумен кірді;

- Мен мына адамдарға тамақ, нан алып келдім - деп кірді. Кірген кезде зындандағы елшілерге не деп сөйледі.

– Сендер неге асығыстық жасайсыңдар. Сендер  қартайып туған әйел сияқтысыңдар, мына баланы туа салып, тез-тез тәрбиелеп, тез тез тамақ ішсе екен - деп аузына нан тыққан адам сияқтысыңдар. Неге сендер сабырлықпен ақырындап жасамадыңдар бұл құлшылықты. Көрсеткенде, құдайды танытқанда - деді. Кейін ол елші патшаның қарамағындағы адамдармен жақындасты да патшаның өзіне шықты. Патшаға шығып не деп сұрады.

– Сіз ана адамдар не сұрағанын білесіз бе?

– Жоқ білмеймін, ашумен қаматып тастадым.

- Неге қаматып тастадың. Ондай болса шақырыңыз,  не  екенін сұрайық -деді. Содан патша оны алдыртады. Алдыртқан кезде олар өздерінің пайғамбар елшілері екенін айтты. Елшілікке келгенен кейін оларға «не үшін келдіңдер?»- деп сұрақ қояды.

– Сендер пұтқа табынып жатырсыңдар,  бізді жаратқан  бірақ Алла бар. Сол Бір Алла тағалаға құлшылық жасасаңдар, сендер Жаннатқа барасыңдар - деп айтты.

- Дәлелде - деді патша. Сол кезде бұрын намаз оқитын жердің бәрі пұтқа толтырылып тастаған еді. Патша сол пұттардың ішіне кірді де;

-  Мына бір адам, бұдан бір апта бұрын өлген, әкесі келмей жатыр. Айтқандарың рас болса енді соны тұрғызыңдар - дейді. Түрі бұзылып кеткен өлікті олар қайта тірілтіп тұрғызады. Сол  кезде елшілер сұрақ қойды;

- Ал енді сенің құдайың осындай жасай ма? – дегенде патша;

– Шынын айтатын болсам, менің құдайым сөйлемейді, естімейді, жауап бермейді – деді. Сөйтті де сол жерде  патша өз астамдығын мойындады. Бірақ ол түп мағанасында бәрі бір дінді ұстай алмай кетті.  Сүреде Алла тағалам екі елші жіберіп үшіншісімен қуантуда, саған айтып жатырғаны осы.

– Шәмүн.

– Ал патша одан да басқа да дәлелдер сұрағысы келген. Өзінің  бір апта бұрын өлген қызының да мәйітін тұрғыздыртты. Сол кезде қызы не деп тұрып жауап береді.

– Мен жетінші дозаққа түсіп бара жатқанда бұрымымнан бір екі жігіт суырып алды жарқыратып. «Әке, мен кәпір болып өлген екенмін, амалдар жасамаған екенмін. Барғаннан бастап менің амалымды сұрады да, жеті түрлі дозаққа қайта-қайта сала берді» - деген екен. «Сонда көктен  нұрланған біреулер келді, олар мына екі адам» деп, алдындағы екі елшіні көрсеткен.  Бұл да Алла тағаланың дәлелі. Бірақ қаншама осындай  дәлел болып  жатса да, Әнтакия елі оған сенбеді.

     – Тұтас ел сенбеді.

– Әнтақия халқы, кент халқы сенбеді. Осыны 15-ші аятта саған дәлелдейді тыңда. Кент халқы;

- Седер біз сияқты ғана адамсыңдар. Сендерге Рахым еш нәрсе жіберген жоқ. Сендер мүлде өтірік айтасыңдар - деді. Бұл кент халқының жауабы. Ондай болса 15 ші аятта, Әнтақия елі сенбей тұр - дейді Аллам.

16-шы аятта не дейді,

- Раббымыз біледі, расында сендерге біз елшіміз - деп жауаб береді елшілер.

17-ші аятта не деп тұр, Бізге ашық түрде жалғастыру ғана міндет, яғни, елшілік міндет атқару біз үшін парыз - дейді пайғамбар елшілері. Біз үшін  парыз.  Олар  парыздарын атқарғандығын жеткізеді. Себебі оны Алла бізге міндеттеді -дейді.

18-ші аятта не дейді, «Расында сендердің себептеріңнен біз сәтсіздікке ұшырадық»- дейді. Сендер себептеріңнен біз сәтсіздікке ұшырадық, егер айтқандарыңнан қайтпасаңдар әлбетте сендерді таспен атқылаймыз. Онда, сөз жоқ сендерге біз жан түршігерлік қиналыс көрсетеміз - деді. 18-ші аятта. Мұның мағанасы неде? Себебі, осы елшілер келгелі бұлар жаманшылыққа ұшырай бастады. Ол қалада жаңбыр жауу тоқтады. Ауыру пайда болды. Түрлі ауырулар пайда болып, ел бастарын сауғали бастады. «Осы  нәрселердің бәрі сендердің кесірлеріңнен келді» - деп жала жапты.

    - Сендердің келулеріңмен.

– Сендердің келулеріңмен, сендер алып келдіңдер. Егер ауыздарыңды жаппайтын болсаңдар, біз сендерді өлтіреміз, көздеріңді құртамыз - деді.

     – Ақысын елшілерден алатын болды ғой.

– Ал елшілер бұдан кейін не істеді, 19-ші  аятта не деп жауап береді,

- Сәтсіздіктерің өздеріңмен бірге. Ол өз ниеттерің - деді. Берілген үгітті ырым етесіңдер ме? Олай емес сендер шектен шыққан елсіңдер - деп жауап берді оларға. Ондай болса «күнә өздеріңнен» - деді. Сәтсіздіктері олардың өздерінен, өздерінің күпіршіліктерінен, өтірікшіліктерінен, айуандықтарынан, қараңғылықтарынан тапқандарын айтады. «Сендерді үгіттегеніміз үшін сендер  сәтсіздікке ұшырадыңдар ма?» - деп оларға сұрақ қояды. «Сендер мүшіріктерсіңдер, сәтсіздіктің содан» - деп жауап берді.

Ал енді осы хабар хабиб Нәзардың құлағына жетті. 20-шы аятта ол қаланың шетіне жүгіріп келіп, тыңдап отыр; «Ей, қауымым, елшілерге ілесіңдер»- деді. Себебі хабиб Елшілерден; «сендер ақы аласыңдар ма, елшіліктерің үшін» - деп кездескенде сұраған. Олар «ақы алмаймыз» - деді. Сол себепті де ол қауымына келіп; «Ешілерге ілісіңдер. Сендерден олар ақы сұрамайды. Өзімді жаратқанға неге құлшылық қылмаймын және сендер де соған қайтасыңдар» -.деп жауап берді. Ал осы кезде хабибке патша үстемдік жасады.

– Райыңнан қайт - деді. Сонда ол не деп жауап береді;

- Алла маған зиян келтіргісі келсе, олардың қолдауында маған ешбір пайда бермейді де, олар мені құтқара алмайды – деді. Патшаға да солай жауап берді бұл адам. «Сөз жоқ, егерде мен осы адамның, осы патшаның, иә болмаса құдайдан басқны Тәңір етіп айтқанын орындайтын болсам, онда мен ашық адасушылардан боламын - деді. 24-ші аятта.

25-ші аят. «Күдіксіз Раббыңа иман келтірдім, Енді маған құлақ салыңдар» - деген еді. Сол үшін елдер оны таспен атқылап өлтірді.

Негізінде хабиб тірлігінде жібек өндіруші. Таңертең дорбасына тамақтардан, азықтардан толтырып алып, жартысын бала шағасымен жесе, жартысын кедей кепшіктерге тарқатқан адам болған. Ол үңгірде бөлек құлшылық жасаған адам. Сол құлшылығымен ата бабадан келе жатырған тазалығын сақтаған. Сол иманын сақтап, құлшылығын сақтап жүген кезде екі елші бірінші хабибке сол жерде үңгірде кездеседі. Хабибтің үйі сол қаланың шетіндегі қақпалардың артында орналасқан болатын. Бірақ осы хабибті ұрып, сол жамандықты көрсетіп жатқан жерде ол;

- Раббым, бұларды кешіре көр, бұлар білмей істеп жатыр - деп жылап сұраған. Оған әрине «Жаннатқа  кір»- делінді. Ол; «Әттең, елім білген болсашы» - деді. Раббым, мені жарылқап, ардақтылардан еткін- деп жылады. Ол иман айтқан соң қала адамдары оны қыл арқанмен далаға апарып асып тастады.

– О Алла, қауымыма қиянат несіп еткейсің - деп жылады. Өлер алдында.

Құрайыш тайпасы да,  пайғамбардың тісін сындарған кезде, ол да солай сұраған Тәңірден.

- Е, Аллам, халқыма хидаят бере көр - деп тілеген. Қазір хабибтің қабірі Әнтақия қаласында.

Алла тағала осы кезде қатты ашуға басып, Жәбірейілге қаланы қырып салуға әмір етті. Сол кезде Жәбірейіл қаланың сыртына барды да, қаланың екі жағынан ұстап, бір қатты айқай жіберді де, қаланың тас талқанын шығарды.

     – Ащы дауыс.

– Тек қана ащы дауыспен. Түсініп тұрысың ба мағанасын. Енді 28-ші аятта не дейді Алла тағалам. «Одан кейін оның еліне көктен біз әскер түсірмедік, әрі түсірген де емеспіз». Бір ащы дауыс қана еді. Сонда олар сөніп жоқ болды. Бұл әрекет не үшін керек болды, көктен дауыс не үшін түсті. Көктен әскер түсіріп қайтеді Алла тағалам. Олардың; «Алланың қолынан түк келмейді»- деген ойының дұрыс еместігін көрсету үшін Алла тағалам жай ғана дауыспен қырып жібергенін көрсетеді. Не үшін мұны Алла тағала жасады. Басқа кейінгі сендерге үлгі болуы үшін. Ондай болса манадан бері айтып келе жатырған аяттағы, «оларға айт айтпа, ескерт ескертпе, кәпір болып туылады, кәпір болып өледі» деуі. Себебі оны іліммен кім біліп тұр, Алланың өзі біліп тұр.

30-шы аятта «Өздеріне келген елшіні ұдайы мазақ қылады - дейді. - Ондай құлдарға нендей өкініш». Енді сен не деп түсінесің мұны, олар келген пайғамбарларды мойындамақ түгілі, оны мазақтайтынын айтады. Бәрі солай мазақтайды. Ол өкініш пе. Ол немен тынып жатыр. Дозақпен. Оның пайдасы бар ма өздеріне. Жоқ».

Алла разылығы болсын. Бұл танысқандарыңыз - екі аударма және үшінші маған түскен тәпсір. Салыстырып оқу әркімнің өз шаруасы. Менің осы арада айтар пікірім болса да айтпай отырғаным дінде қарсылыспайды. Дінде бірін бірі қоштайды, қол ұстасады, бірігеді. Сондықтан аудармалардың жетістік, кемістігін таразылауды Республика мұсылмадары діни басқармасы жанындағы ғұламалар алқасына қалдыралық, одан қалғаны жамағаттың еншісінде болсын.

Сондықтан, Тәңірдің әмірімен жазылып отырған бұл ескертпе ел игілігіне жарар – қазына, өзім үшін Алламның  дидарына қауышу үшін жазылған дәнекер дүние болуын тілеймін.

Бақтыбай Айнабеков

Ілімгер-жазушы

Abai.kz

Аскар ТауекеловАскар Тауекелов
6 жыл бұрын 2794
0 пікір
Блог туралы