Құран оқу-құлшылық , оны қалай болсын солай оқи беруге болмайды
Құран оқу-құлшылық , оны қалай болсын солай оқи беруге болмайды

Хасан әл – Басри (Алла оған разы болсын): «Алла Тағаламен ант етейін, Құранның әрбір әріпіне дейін жаттап алған адам оның байыбына жетпейді, егер Құранда айтылған тыйымдардан өзін алшақтатпайынша. Сондай адамдардың кей біреуі: «Мен Құранды басынан аяғына дейін бір әріпінде қалдырмай оқып шықтым!» – дейді. Алла Тағаламен ант етейін ақиқатында ол Құранды толығымен оқымай тастап кеткен, өйткені ол адамның бойында, әрі амалында Құраннан еш көрініс жоқ. Тағы біреуі: «Мен сүрені бір деммен оқып шығамын» – дейді. Алла Тағаламен ант етейін бұлар Құранды оқушы, ғұлама, дана яки тақуалардың қатарынан емес. Құран оқушылар қашан осындай деңгейде болса Алла қоғамда олардың санын көбейтеді» – деген. ( «Аль-Мусаннаф» (3/363), «Аз-Зухд» (стр. 274), «Ахлак Ха-малат”)

    Айша (Алла оған разы болсын) анамыздың айтқанындай Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын)-дың  мінез-құлқы тұнып тұрған Құран.

Алла Елшісі (Оған Алланың салауаты  мен сәлемі болсын): «Құранның бір ұшы Алланың, бір ұшы сендердің қолдарыңда болған бір дәнекер. Оны мықты ұстасаңыздар, әсте адаспайсыңдар да, жойылмайсыңдар», – деген.

    Әл – Әджири (Алла оған разы болсын): «Кім де кім Алла Тағаланың аяттарына ой жүгіртсе еш күмәнсіз Алла Тағаланың Ұлылығы мен Құдіретін сезінеді. Оның билігінің толық әрі құдыретті екенін, иман келтіргендерге деген шексіз мейірімін көріп, ғибадат қылуға лайықты тәңірге мойынсұну міндет екенін ұғынады. Сол шақта ол Алла алдындағы өз хақын орындауға ұмтылып Алланың тыйғанынан қашықтап, рұқсат еткен амалдарын ретке келтіруге тырысады.

 Егер адамда Құран оқыған кезде немесе тыңдаған кезде осындай сезімдер болса онда Құраны оның шипасына айналады. Ондай адам байлықсыз байды, ол билігі бар туысқандарысыз – ақ билікке жетеді, ол жалғыз болсада жалғызсырамайды.

 Құран сүресін оқып бастағанда қашан аяғына жетеді екенмін деп ойламайды, ол оқыған аяттарға сай қашан амал етемін, күнәлардан қашан алшақтап, Алланың әміріне мойынсұнамын деген ойда болады.

Құран оқу бұл құлшылық сол себепті оны қалай болсын солай оқи беруге болмайды. Бұл істе жәрдемшің жалғыз Алла». («Ахлақ Хамалат әл-Қуран» (10 – бет).

http://mazhab.kz

Аскар ТауекеловАскар Тауекелов
7 жыл бұрын 5300
0 пікір
Блог туралы