Қазақстандықтар жылына екі рет емхана орнын ауыстыра алады және қандай жағдайда УДЗ (УЗИ), рентген мен томографиядан тегін өте алады
Қазақстандықтар жылына екі рет емхана орнын ауыстыра алады және қандай жағдайда УДЗ (УЗИ), рентген мен томографиядан тегін өте алады

Қазақстандықтар жылына екі рет емхана орнын ауыстыра алады. Бұл туралы бүгін Үкіметтің баспасөз конференциясында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, деп хабарлайды Қазақпарат.

Қазақтандықтар заңға сәйкес, жылына бір рет жазыла алады. Емханаға күзден бастап жазыла алады. Сонымен қатар тұрғын мекен-жайының өзгеруіне байланысты екінші рет емхана орнын ауыстыра алады. Барлығы жылына екі рет әрбір азамат емханаға жазылады.

«Әрбір жазылған азамат үшін біз мемлекеттік және жеке емханаларға дәрігерлердің қызмет көрсетуі үшін тариф береміз», – дейді министр.

Ол үшін қазақстандықтардың қандай медициналық ұйымға жататының тексереді. Жалданған жұмысшы ма, әлде жеке кәсіпкер ме, жұмыссыз ба, оның бәрін көрсетуі тиіс.

Қазақстандықтар қандай жағдайда УДЗ (УЗИ), рентген мен томографиядан тегін өте алады

Медициналық сақтандыру аясында тегін қызмет жергілікті дәрігердің нұсқауы бойынша көрсетіледі. Бұл туралы Денсаулық министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, деп хабарлайды Қазақпарат.

Ултрадыбысты зерттеу, компьютердік томография, медициналық сақтандыруға жергілікті дәрігер нұсқау жазып береді.

«Егер азамат өз бетінше диагностикалық тексеруден өтетін болса, бұл қызметті тегін ала алмайды», – дейді министр.

2017 жылдың заңына сәйкес Қазақстанда жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлердің МӘМС аударымдары мен төлем жасау туралы заң күшіне енді.

Оған сәйкес, жұмыс беруші ай сайын жұмысшының жалақысының 1 пайызы көлемінде төлем жасайды. Жеке кәсіпкер мен жеке адвокаттар, нотариустер, кәсіби медиаторлар өзі үшін екі жалақының 5 пайызын немесе 2017 жылдың талабы бойынша 2445,9 теңге төлейді.

Мемлекет әлеуметтік тұрмысы нашар 14 категориядағы азаматқа немесе 10 млн адамды бюджет есебінен сақтандыра алады.

Сонымен қатар министр тегін медициналық көмектің кепілдік берілетін көлемінің топтамасы сақтандыру мәртебесіне қарамастан барлық адамдарға ұсынылатындығын атап өтті.

«Оған медициналық көмектің мынадай  негізгі түрлері кіреді. Олар: жедел медициналық көмек пен санитарлық авиация, шұғыл стационарлық және стационарды алмастыратын көмек, әлеуметтік мәні бар емдеу кезінде стационарлық және стационарды алмастыратын көмек (туберкулез, онкология, психатрия сынды әлеуметтік аурулар), профилактикалық егулер. Бұған қоса, 2020 жылға дейін барлық сақтандырылмағандар үшін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ететін амбулаториялық-емханалық көмек ұсынылатын  болады. Бұл халықтың әлеуметтік қауқарсыз тобының толық медициналық көмекпен  қамтамасыз етілуіне мүмкіндік береді»,-  деді Елжан Біртанов.

Оның айтуынша, сақтандырылған азаматтарға тегін медициналық көмектің  кепілдік берілген көлемінен бөлек  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру топтамасы аясында қосымша қызметтер ұсынылады.

Аскар ТауекеловАскар Тауекелов
7 жыл бұрын 3176
0 пікір
Блог туралы