МЫСЫҚТЫҢ ТІЛІН БІЛЕМІН ДЕП АЖАЛ ҚҰШТЫ
МЫСЫҚТЫҢ ТІЛІН БІЛЕМІН ДЕП АЖАЛ ҚҰШТЫ

Күндердің күні Сүлеймен пайғамбар (а.с.) уақытында бір кісі пайғамбарға (а.с.) келіп хайуандардың тілін үйретуді сұрайды. Сонда пайғамбар (а.с.) ол кісіге: - Сен бұны көтере алмайсың, деп оның өтінішінен қанша бас тартса да әлгі кісі өтінуді тоқтатпайды. Сонда Сүлеймен (а.с.) келісіп: - Жарайды, қайсы хайуанның тілін білгін келеді, деп сұрайды. Сонда әлгі кісі: - Менің үйіме мысықтар көп келеді, сол мысықтардың тілін білгім келеді, депті. Сүлеймен (а.с.) оның құлағына жақындап үрледі де: - Болды, сен енді мысықтардың тілін түсіне аласың, деді. Әлгі кісі қуанып үйіне қайтады. Ертесі күні таң ертең есіктің алдына шығып отырса әлгі кісінің мысығының жанына бір бөтен мысық келіп: - Менің қатты қарным ашып тұр, үйде жейтін бірдеңе бар ма?, деп сұрапты. Сонда үй мысығы оған: - Сәл сабыр ет. Үйде бір ауру өлгелі жатқан қораз бар. Сол қораз өлсе соны жейміз, депті. Мұны естіген үй қожайыны дереу қоразды алып базарға сатып жібереді. Ертесі күні әлгі бөтен мысық қайта келіп: - Не болды, кешегі қораз өлдіме? менің қарным қатты ашып тұр, депті. Сонда үй мысығы тағы оған: - Ол қоразды менің қожайыным кеше базарға барып сатып жіберді. Сәл сабыр сақта, қожайынның қорада бір қошқары ауырып қалды. Соны қожайын сойғалы жатыр, бұйырса сол қошқардың еті бізгеде тиер, деді. Бұны естіген қожайын дереу қошқарды алып базарға сатып жібереді. Ертесі күні таң ертең әлгі бөтен мысық тағы келіп қарынының аш екенін тағы айтады. Сонда үй мысығы:    - Кеше Сүлеймен (а.с.) үйдегі қожайынның ертең қайтыс болатынын айтты. Егер солай болса қонақтар келіп ас беріледі, бәлкім сол астан бізге де тиер, сабыр сақта, деді. Мұны естіген қожайын ала тұра Сүлейменге (а.с.) барып, менің қайтыс болатыным рас па?, деп сұрайды. Сонда Сүлеймен (а.с.): - Я, рас, Алла Тағала сенің жаныңды сақтау үшін қоразды құрбан етті. Ал, сен оны сатып жібердің. Сосын қошқарды берді, сен оны да сатып жібердің. Енді сен ұрпағыңа өсиет айтып мәйіт кебініңді дайындай бер, деген екен.   Түйін: Алла Тағала біздерге келетін кез-келген бәленің бетін қайтару үшін басқа жолдар көрсетеді. Бірақ, соны дер кезінде аңғарып дұрыс шешім қабылдай білу керек.  

Жалғас АСХАТҰЛЫ

дінтанушы

Аскар ТауекеловАскар Тауекелов
7 жыл бұрын 3806
0 пікір
Блог туралы