Еуропалықтардың жағасын ұстатқан Орта Азия заңдары
Еуропалықтардың жағасын ұстатқан Орта Азия заңдары

СССР-ден бөлініп шыққалы әр мемлекет өзіне президент тағайындап, жаңа заңдар енгізе бастады. Көптеген президент осы заңдары арқылы ерекшеленгілері келген сияқты.

Сақал өсіруге тыйым

2014 жылдан бастап Тәжікстан ұстаздарына сақал өсіруге тыйым салынған. Аталған заң орта мектептер мен барлық ЖОО-ға қатысты. Бірақ, 50 жастан асқандар белгілі бір ұзындыққа дейін өсіре алады. Дәл осы секілді заң Өзбекстанда да бар. Кішкене өскен сақалға бола ұстаздық қызметіңізден айырылып қалуыңыз мүмкін. Мұнымен қатар, сақал өсіріп жүрген жасөспірімдерді полиция алып кетіп, тергеуге құқылы. Жанкүйерлер матчты сақалына бола көре алмаған кездер де болған.

“Соңғы қоңырауға” тыйым

Бұл жолы да Тәжікстан мемлекеті ерекшеленбек. 2016 жылдан бері оқушылар соңғы қоңырауды есту мүмкіндігінен айырылды. Олар өзге мемлекеттегі құрдастары секілді көкке шар ұшырып, ұстаздары мен ата-аналарының жылы тілектерін ести алмайды. Заң бұзылған жағдайда қатаң шаралар қолданылады екен. Өзбекстанда оқушылар соңғы қоңырау үнін естігенімен, қоштасу кешін өткізе алмайды. Аттестаттарын алғаннан кейін олар үйді-үйге тарасады.

Алтын тіс салдыруға тыйым

2006 жылы Тәжікстанда ұстаздардың бірі жалақысының тым аз екенін айтып шағымданған. Өзін өзге әріптестерімен салыстырса керек. Осыдан кейін Тәжікстан президенті бұл мәселені ерекше әдіспен шешіп, мемлекеттік қызметкерлерге алтын тіс салдыруға тыйым салған екен.

Балет, цирк, операға тыйым

2001 жылы Түрікменстан президенті балет, цирк және опера сынды мәдени шаралардың өтуіне тыйым салған екен. Президенттің айтуынша, түрікмендерде мұндай өнер салаларына деген қызығушылық жоқ. Мұнымен қатар, шетелдік газеттердің шығуына тыйым салынған екен.

Міндетті түрде дресс-код болуы керек

Түрікменстан банкіне кез келген адам кіре алмайды. Себебі, ол жерде арнайы дресс-код бар. Мысалы, күн қатты ыстық болып, шорты мен футболка киіп жүрген жеріңізден банкке кіре алмайсыз. Тіпті, осы банктің құрметті клиенті болсаңыз да.

Саясаттану пәнін жүргізуге тыйым

2015 жылдан бастап Өзбекстан университеттерінде саясаттану пәнін жүргізуге тыйым салынды. Президенттің айтуынша, бұл пәнде шындыққа жанасатын фактілер аз.

Биік ағаш өсіруге тыйым

Өзбекстан заңына сәйкес, бұтаның биіктігі 0,5 метрден аспауы тиіс. Осылайша, елдегі 50 сантиметрден асқан бұталардың барлығы кесіліп тасталады.

Әуежай мен вокзалға жолаушылардан өзге ешкім кіре алмайды

Өзбекстанда жолаушылардың таныстары мен туыстары оларды шығарып салу үшін әуежайға немесе вокзалға кіре алмайды. Мұны президент террористік шабуылдардан қорғану үшін жасаған екен.

http://stan.kz

Аскар ТауекеловАскар Тауекелов
7 жыл бұрын 3288
0 пікір
Блог туралы